Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2 сәуір күні республикалық ата-аналар жиналысы өтеді

Опубликовано:

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алдағы бейсенбі, 2 сәуір күні республикалық ата-аналар жиналысы өтетінін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Бейсенбі күні республика бойынша ата-аналар жиналысы өтеді. Онда біз ата-аналарға қашықтан оқыту жүйесіне қалай қосылу керек екенін және ол қалай жүргізілетінін түсіндіреміз", - деді Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше, 3 сәуір, жұма күні елімізде сынып сағаттары өтеді. Ол жерде де балаларға қажетті ақпарат беріледі.

Ал ертең, 1 сәуірде барлық оқушы үшін сынама сабақ өткізілетіні белгілі болды.

Асхат Аймағамбетов бұл үш шара 6 сәуірде басталатын қашықтан оқыту форматына дайындық екенін атап өтті.

Одан бөлек, министр бүгінде оқу жылын ұзарту, сәйкесінше жазғы демалыс мерзімін қысқарту мәселесі қарастырылмағанын мәлімдеді.

Алайда, елдегі коронавирусқа байланысты жағдайдың келешегін болжау қиын – егер күтпеген жайттар туындаса, оқу жылы ұзартылуы да мүмкін. Дегенмен, ведомство басшысы әзірге мұндай жоспарлар жоқ екенін кесіп айтты.

Сонымен қатар, министр биыл коронавирусқа байланысты ҰБТ кейінге шегерілмейтінін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848153-2-suir-kni-respublikalyk-ata-analar-zinalysy-tedi/

pixel