Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған алты адам ауыр хәлде жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордада COVID-19 инфекциясын жұқтырған алты науқастың жағдайы тұрақты ауыр деңгейде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан ауруханаларында ем алып жатқан науқастардың жағдайы жөнінде қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті.

Оның айтуынша, вирус жұқтырған алты адамның жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Екі науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Қалғандарының жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалап отыр. Олар қажетті ем алуда.

Сондай-ақ елордада 1600-ден астам адамның вирус жұқтырғандармен байланыста болғаны анықталды. Олардың 735-і науқастармен жақын байланыста болған – бұл туыстар, әріптестер, сондай-ақ инфекция жұқтырғандармен бір рейсте ұшқандар. Бұлардың барлығы стационарлық карантинге жатқызылды.

Қалған 961 адам өзін-өзі оқшаулауда.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, вирус жұқтырған бір адаммен орта есеппен 10 адам байланыс жасайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырудың оқиғасы анықталған пәтерлер мен үйлердің подъездерін жабатынын хабарлағанбыз.

Нысандарға кіріп-шығудың күзетін полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған алты адам ауыр хәлде жатыр