Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында төтенше жағдайға қарамай құдалық өткізгендер қамауға алынды

Опубликовано:

Түркістан облысында төтенше жағдайға қарамастан құдалық өткізіп, қыз ұзатқан, туған күн тойлаған азаматтар 5 тәулікке қамалды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Instagram

Бұл туралы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметі басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлім етті.

"Сот шешімімен 28 тұлғаға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 16 тұлға қамауға алынды", - деді ол.

Елемесовтің айтуынша, төтенше жағдай кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476 "Төтенше жағдай режимін бұзу" бабы бойынша 115 нысанға құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған.

Ол қоғамдық орындарда мейлінше бетперде пайдалану қажет екенін алға тартты.

Есік тұтқаларын дәке маталармен ораудың қажеті жоқ, ол санитарлық талаптарға сай емес.

Еске сала кетсек, осыған дейін төтенше жағдай кезінде той өткізген қызылордалыққа 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған болатын.  

Одан бөлек, ауласында келін түсіріп, беташар өткізген Арыс тұрғыны да жауапқа тартылған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848160-trkistan-oblysynda-ttense-zagdajga-karamaj-kdalyk-tkizgender-kamauga-alyndy/

pixel