Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Британияда ер адам карантиннің бесінші күні әйелін өлтірді деп күдіктелуде

Опубликовано:

Британияның Гвент графтығы Кумбран қаласының тұрғыны коронавирусқа байланысты енгізілген карантин кезінде әйелін өлтірді деп айыпталуда. Оқиға 27 наурызда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Daily Mail басылымының ақпарынша, 27 наурыз күні Кумбран қаласының полициясына қылмыс туралы хабарлама келіп түскен. Мектеп асханасының бұрынғы қызметкері 67 жастағы Рут Уилльямс өз үйінде ес-түссіз күйде табылған. Кейіннен ол бас жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Аталған іс бойынша оның 69 жастағы күйеуі Энтони Уилльямс күдіктеліп, қамауға алынды. Ерлі-зайыптылар 45 жыл некеде болған. Олардың Эмма есімді қыздары бар.

Уилльямстардың көршілері олардың тату-тәтті өмір сүргендерін айтады.

"Бұндай болады деп ешкім ойламаған. Алайда, адамдар карантин енгізілгелі бері күйзелісте өмір сүруде", – дейді көрші.

Еске сала кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 784 мыңнан асты.

Дүниежүзінде 37,6 мыңнан астам науқас коронавирус диагнозы анықталғаннан кейін көз жұмды.

Сoronavirus.jhu.edu порталының ақпарынша, қауіпті ауру жұқтырғандардың ең көп саны АҚШ аумағында – 163 429 адам тіркелген. Америкада пандемия кезінде коронавирустан 3 008 пациент көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848174-koronavirus-britaniada-er-adam-karantinni-besinsi-kni-jelin-ltirdi-dep-kdiktelude/

pixel