Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әншілерден қалыспай өлең айтқан әзілкештер желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Отандық әншілер елімізде коронавирус жағдайына асқан алаңдаушылық танытып жатқан халықтың еңсесін көтеру мақсатында музыкалық флешмоб ұйымдастырған болатын. Желіде бір-бірімен жарыса видео жариялаған орындаушылардан қазақстандық әзілкештер де қалысар емес. КВН жұлдыздары аталмыш челленджге қатысып, өздерінің өлең өлең айту шеберлігін паш етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: Instagram

Белгілі әзілкештер бірігіп, франциялық "Sos Dun Terrien En Detresse" атты әнін шырқаған. Олар өлең мәтінін өзара бөлісіп алған. Видео Марат Оралғазиннің Instagram парақшасында жарияланды.

КВН жұлдыздары өздерін әншілік қырынан танытпақ болып, желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Кәсіби тұрғыда вокалдық өнерді қамтымаған әзілкештердің өлең айтуы көшілік көңілін көтерген.

"Жігіттер қатырдыңдар, тоқтамай күлдім" , "Дұрыс, әншілерден қалысасыңдар ма, жарайсыңдар" , "Жігіттер көзімнен жас шыққанша күлдім. Мына әзілдерің керемет көңіл-күй сыйлады" , "Халықты осындай уақытта ең болмаса сендер қуантыңдар" , - деп жазды оқырмандар.

Айта кету керек, аталмыш әнді Димаш Құдайберген Қытайда өткен "I am Singer" байқыуында орындап, көпті таңдай қақтырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1848176-nsilerden-kalyspaj-le-ajtkan-zilkester-zelini-zardy-video/

pixel