Выйти
RU

Өлуден қорықпадым: 95 жастағы әжей коронавирусты қалай жеңгенін айтып берді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Швейцарияның Ле-Локль қаласында тұратын 95 жастағы әжей коронавирусты қалай жеңгенін айтып берді. Зейнеткердің сөзінше, ол өлімнен қорықпаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Өлуден қорықпадым: 95 жастағы әжей коронавирусты қалай жеңгенін айтып берді

Гертруда Фаттон. Видеодан кадр: facebook.com/20minutes

Коронавирусты жеңген 95 жастағы Гертруда Фаттонның 10 немересі мен 11 шөбересі бар. Әжей демалуы қиындағанша үйінде бір апта ауырған. Жағдайы ауырлап кеткен соң оны Ла-Шо-де-Фон қаласындағы ауруханаға жеткізген.

"Дәрігерлер менен қан анализін алып, қан қысымымды өлшеді. Олар менің тамырыма күніне үш рет антибиотиктер салды. Бұл өте ауыр болды. Әйтсе де шыдауға болады. Мен өлуден қорыққан жоқпын", - дейді Гертруда.

Зейнеткер бір апта уақыт бойы интенсивті терапия бөлімінде ем қабылдаған. Оның сөзінше, ол ауруды антибиотиктер мен безгекке қарсы хлорохин препаратының арқасында жеңе алған.

"Дәрігерлер маған хабарласып, оның қанындағы оттек мөлшері азая бастағанын айтты. Оны құтқару үшін дәрігерлердің 24 сағаты ғана болды. Мен анаммен сол түні қоштасамын ба деп қатты қорықтым", - дейді Гертруданың қызы Жаклин.

Жаклиннің айтуынша, осыдан кейін үшінші күні анасының қанындағы оттек деңгейі қалыпқа келген. Тіпті ол анасымен күнінен екі рет телефон арқылы сөйлесіп жүрген. Сол кезде ол анасының жөтелі азайып, ауруды жеңгенін түсінген.

Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегінше, Швейцарияда 14,8 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. 300 адам көз жұмып, тағы 1,6 мыңы жазылып шыққан.

Ал біздің елімізде вирус жұқтырғандар саны 336 адамға жетті. 22 науқас емделіп шықса, тағы екі адам коронавирустан қайтыс болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өлуден қорықпадым: 95 жастағы әжей коронавирусты қалай жеңгенін айтып берді (видео)