Выйти
RU

Таиланд королі 20 нақсүйерімен бірге қонақ үйде оқшауланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Таиланд королі Маха Вачиралонгкорн Рама Х коронавирусқа байланысты 20 нақсүйерімен бірге шетелдегі қонақ үйде оқшауланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Маха Вачиралонгкорн Рама Х. Фото: Getty Images / Jes Aznar

Маха Вачиралонгкорн Рама Х. Фото: Getty Images / Jes Aznar

Неміс басылымдарының ақпарынша, 67 жастағы Таиланд королі карантин мезгілінде германиялық төрт жұлдызды Grand Hotel Sonnenbichl қонақ үйінің барлық бөлмелерін сатып алып, онда өзінің ондаған нақсүйерімен орналасқан.

Германия билігі жалпылама оқшаулау режиміне қарамастан, Таиланд короліне елге кіруге және демалуға ресми түрде рұқсат берген екен.

Аталған ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болғаннан кейін таиландтықтар өздерінің короліне жаппай наразылық таныта бастады. Осылайша, Twitter желісінде "Бізге корольдің не керегі бар?" деген хештегпен миллионнан астам жазба пайда болған.

Таиланд тұрғындары жергілікті заңмен "монархияға тіл тигізгені үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы" қарастырылғанына қарамастан, корольге қарсы жаппай наразылық білдіруде.

Еске сала кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 784 мыңнан асты. Дүниежүзінде 37,6 мыңнан астам науқас коронавирус диагнозы анықталғаннан кейін көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Таиланд королі 20 нақсүйерімен бірге қонақ үйде оқшауланды