Выйти
RU

Қызылордада бір отбасының 8 мүшесі коронавирус жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылордада коронавирус жұқтырған 8 пациенттің бір үйдің адамдары екені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

хабар

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы "Хабар 24" арнасында тікелей эфирден сөйлеген Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлім еткен.

"Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының 18 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күні қосымша тіркелген фактілер Жаңақорған ауданынан болып отыр. Барлығы да алдында тіркелген науқаспен қарым-қатынаста болып, оқшауланып, карантинде болған азаматтар. Осы азаматтардан сынама алынған еді", - деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, коронавирус жұқтырған 8 азамат – бір отбасының мүшелері.

"Олар - 6-45 жас аралығындағы адамдар. Соның ішінде үшеуі - 14 жасқа дейінгі балалар", - дейді Әбдусәметов.

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша елімізде коронавирус жұқтырған 336 науқас тіркелді.

Сондай-ақ бұған дейін коронавирустан екінші қазақстандық азаматтың көз жұмғаны хабарланды.

50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Бір ай бойы ауырған ол медициналық көмекке жүгінбеген.

Кейін елордалық дәрігердер марқұмның қазасына қатысты мән-жайды айтты.

Ақ халаттылардың мәліметінше, ер адамның өліміне бойындағы аурулар да әсер еткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылордада бір отбасының 8 мүшесі коронавирус жұқтырған