Выйти
RU

Екі алматылық коронавирусты қайдан жұқтырғанын білмейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың көпшілігі сырттан келгендер және солармен байланыста болғандар болып шықты. Алайда ақ халаттыларға екі пациенттің вирусты қайдан жұқтырғанын анықтау қиынға соққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"COVID-19 негізінен сырттан келгендер мен солармен байланыста болғандардан табылып жатыр. Екі қала тұрғыны бұл азаматтармен байланысқа түспесе де, вирус жұқтырған. Оны анықтау қиын болды. Қазір екеуі де стационарда ем қабылдап жатыр", – деді онлайн-брифинг кезінде қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Оның айтуынша, науқас адамдармен байланыста болған таныстарының барлығы қазір анықталып, оқшауланған. Жақын байланыста болғандар провизорлық және карантиндік стационарлық емханада жатыр.

"Қаладағы карантин жағдайында аурудың алдын алудың бірден бір жолы – үйден шықпау", – деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, 31 наурыз сағат 15:30-дағы жағдай бойынша COVID-19 инфекциясы тағы 11 адам анықталып, осылайша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 336-ға жетіп отыр. Олардың 82-і Алматы қаласында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Екі алматылық коронавирусты қайдан жұқтырғанын білмейді