Выйти
RU

Түрікменстанда "коронавирус" сөзін қолдануға тыйым салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түрікменстан билігі елде "коронавирус" сөзін қолдануға тыйым салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

түрікменстанда

Көрнекі фото: pixabay.com

Елдегі барлық БАҚ-тағы ақпараттарда "коронавирус" сөзін қолдануға тыйым салынған. Сондай-ақ аталмыш сөз Түрікменстан денсаулық сақтау министрлігінің білім мекемелері, ауруханалар мен жұмыс орындарына жіберетін арнайы кітапшаларынан да алынып тасталған.

Сонымен бірше көшеде маска киіп, әлемдегі коронавирустық пандемия жөнінде сөз қозғаған азаматтар қамауға алынуы мүмкін.

Соңғы деректере сәйкес, Түрікменстанда бірде бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмеген.

Еске сала кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 784 мыңнан асты. Дүниежүзінде 37,6 мыңнан астам науқас коронавирус диагнозы анықталғаннан кейін көз жұмған.

Ал біздің елімізде вирус 336 адамнан анықталып отыр. Сондай-ақ бұған дейін коронавирустан екінші қазақстандық азаматтың көз жұмғаны хабарланды.

50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Бір ай бойы ауырған ол медициналық көмекке жүгінбеген.

Кейін елордалық дәрігердер марқұмның қазасына қатысты мән-жайды айтты.

Ақ халаттылардың мәліметінше, ер адамның өліміне бойындағы аурулар да әсер еткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түрікменстанда "коронавирус" сөзін қолдануға тыйым салынды