Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық полицейлер көлік жүргізушілерін "Сергектің" көмегімен бақыламақ

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов "Сергек" базасына автокөліктер мен жүргізушілердің деректері енгізілгенін мәлімдеді. Енді карантин ержесін бұзғандар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Сәденовтің сөзінше, полиция қызметкерлері "Сергек" базасына жүргізушілер мен автокөліктердің деректерін, олардың үй – жұмыс бағыты бойынша бағдарын енгізген.

"Өз бағдарын бұзғандар заңнамаға сәйкес жазаға тартылады", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы онлайн брифингте.

Ол карантин режимінің күшейтілуіне байланысты тұрғындар тек дүкенге, дәріханаға және жұмысқа бару үшін сыртқа шыға алатынын айтты.

Кәмелетке толмағандарға ересектердің қарауынсыз қалада жүруіне тыйым салынған.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 336-ға жетіп отыр. Олардың 175-і Нұр-Сұлтан қаласында. Ауруынан айыққан 22 адамның 15-і де осы елордадан болса, жетеуі Алматы қаласынан.

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 784 мыңнан асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848211-elordalyk-policejler-zrgizusilerdi-sergekti-kmegimen-adymak/

pixel