Выйти
RU

Коронавирустан көз жұмған азаматшамен байланысты болған жамбылдықтардан вирус анықталмады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирустан алғаш көз жұмған Ақмола облысының тұрғынымен байланыста болған жамбылдықтар коронавирусқа тексеріліп, олардан COVID-19 инфекциясы анықталмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Коронавирустан көз жұмған азаматшамен байланысты болған жамбылдықтардан вирус анықталмады

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұған дейін коронавирустан қайтыс болған Ақмола облысының тұрғыны Шу және Меркі қалаларында болғаны хабарланды.

Медициналық және эпидемияға қарсы қызмет марқұммен байланыста болған 16 тұлғаны анықтаған. Сонымен, Шу ауданында – 10, Меркі ауданында – 6 адам байланыста болған. Олардан коронавирустық инфекциясына алынған талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтардың жағдайы қанағаттанарлық, коронавирустық инфекцияның белгілері жоқ. Олар 14 күндік карантиндік стационарға жатқызылған.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Ол Ақмола облысының Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны болған. Зейнеткер дәрігерлер жүргізген шаралар мен терапияға қарамастан қайтыс болған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде 336 адамнан коронавирус анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирустан көз жұмған азаматшамен байланысты болған жамбылдықтардан вирус анықталмады