Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін 21:00-де Тоқаев телеарналар арқылы халыққа мәлімдеме жасайды

Опубликовано:

Бүгін сағат 21:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен халыққа мәлімдеме жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Берік Уәлидің мәліметінше, мемлект басшысының мәлімдемесі еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты болмақ.

Еске сала кетсек, COVID-19 инфекциясына байланысты Қазақстанда 16 наурызда бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған.

Ал еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.

Кейін COVID-19 инфекциясы өзге де аймақтағы тұрғындардан анықтала бастаған соң, еліміздің бірнеше қаласы мен облыста карантин жарияланып, кейбір өңірлер мен қалаларда бірқатар шектеу шаралары күшіне енді.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 336-ға жетіп отыр. Олардың ең көбі ел астанасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында тіркелген.

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 784 мыңнан асқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1848224-bgin-2100-de-tokaev-telearnalar-arkyly-elge-mlimdeme-zasajdy/

pixel