Выйти
RU

Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған шымкенттік ұятқа қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының полиция департаменті мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған 26 жастағы ер азаматтың қолға түскенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: aktobenews.kz

Көрнекі фото: aktobenews.kz

Басылым мәліметінше, Еңбекші аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ол қаладағы мешіттердің бірінде садақа жәшігі ұрланғанын айтыпты.

"Белгісіз біреу түнгі уақытта мешіт ауласына кіріп, қайырымдылық жәшігінің құлпын бұзып, жалпы сомасы 9000 теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен. Тергеу және криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел жұмысының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 188 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүруде.

Күдіктінің бұдан басқа тағы 6 ұрлыққа қатысы бар екені, сондай-ақ қылмысты негізінен жекеменшік үйлерде жасағаны белгілі болды.

26 жастағы қала тұрғыны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілген.

Еске сала кетсек, осыған дейін төтенше жағдай кезінде той өткізген қызылордалыққа 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған болатын.  

Одан бөлек, ауласында келін түсіріп, беташар өткізген Арыс тұрғыны да жауапқа тартылған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған шымкенттік ұятқа қалды