Выйти
RU

Президент шағын және орта бизнесті жарты жылға салықтан босатты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнес өкілдерінің қазан айына дейін салықтан босатылатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

мемлек

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шаралардың қолға алынғанын хабарлады.

"Кәсіпкерлерге көмек көрсетуіміз керек. Өйткені, олар – экономикамыздың тірегі. Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек.
Шағын және орта бизнес өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатуды тапсырамын. Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтиды, - деді президент.

Айта кетсек, мемлекет басшысы 42 500 теңге көлемінде берілетін көмекті алатындар санатын кеңейтуді тапсырғаны белгілі болды.

"Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын", - деді президент.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент шағын және орта бизнесті жарты жылға салықтан босатты