RU

Елімізде тағы екі адам коронавирустан жазылып шықты

Қазақстандағы коронавирус бойынша жедел штаб COVID-19 диагнозымен ауруханаға жатқызылған екі адамның емдеу мекемесінен шыққанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

тағы ек
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Алматы мен Нұр-Сұлтан ауруханаларынан бір-бір адамнан шығарылғаны хабарланды. Осылайша 31 наурызда 24 қазақстандық коронавирустық инфекцияны жеңген.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша елімізде 340 адамнан коронавирус табылды.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 31 наурыз сағат 20:45 жағдай:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам

Алматы қаласында – 82 адам

Қарағанды облысында - 13 адам

Ақмола облысында - 10 адам

Атырау облысы - 13 адам

Жамбыл облысында -3 адам

Шымкент қаласында - 2 адам

Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам

Алматы облысында - 8 адам

Ақтөбе облысында - 3 адам

Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам

Павлодар облысында - 1 адам

Маңғыстау облысында - 1 адам

Қызылорда облысында - 18 адам

Батыс Қазақстан облысында - 2 адам

Түркістан облысында - 1 адам, жалпы 340 науқас тіркелді.

Айта кетсек, елімізде аталмыш вирустан екі адам көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1848258-elimizde-tagy-eki-adam-koronavirustan-zazylyp-sykty.html