Выйти
RU

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған науқас туралы тың дерек шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақашасында мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Коронавирус жұқтырған азамат Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Мәліметке сай, 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Ауруханаға 30 наурыз күні қаралған.

Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен Қарағанды қаласына тоқтаған. 6 сағат вокзалда отырған ол, ары қарай Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезға 22 наурыз күні сағат 6.00-де отырып, 23 наурыз күні Шымкент қаласынан түскен.

Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан. Әзірге анықталғаны науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған.

5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса, 11 адам Жетісай қаласының тұрғындары", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Еске сала кетсек, осыған дейін Түркістан облысында алғаш рет коронавирус оқиғасы тіркелгенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Жазылып, Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео, өзге де экслюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында коронавирус жұқтырған науқас туралы тың дерек шықты