RU

АҚШ коронавирустан көз жұмғандар саны бойынша Қытайды артта қалдырды

Америка құрама штаттарында жаңа коронавирус инфекциясы үш жарым мыңға жуық адамның өмірін қиды. АҚШ бұл көрсеткіш бойынша аспан асты елін артта қалдырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images / Sean Gallup
Фото: Getty Images / Sean Gallup: Getty Images

Джон Хопкинс университетінің мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандардың саны 3 415 адамға жеткен. Ал эпидемияның ошағы саналатын Қытайда вирустан қайтыс болған 3 309 адам тіркелген.

Дегенмен, әлемде пандемия құрбандарының саны бойынша Италия көш бастап тұр. Ол жерде қатерлі дерттен он екі мыңнан астам адам көз жұмған.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырудың 823 мыңнан аса дерегі тіркелген. Статистикаға сәйкес, бұл көрсеткіш бойынша АҚШ көш бастап тұр. Онда инфекцияны 175 мың адам жұқтырған.

Ал Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, бүгінгі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 343 адамға жетіп отыр. 1 сәуір 01.45-тегі дерек бойынша вирус Атырау облысында тағы үш адамнан табылған.

Еліміздегі коронавирус бойынша жедел штабтың мәліметіне сәйкес, 24 қазақстандық тұрғын COVID-19-дан жазылып шыққса, екі адам қайтыс болған.

Олардың бірі Ақмола облысының, бірі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1848279-aks-koronavirustan-kz-zmgandar-sany-bojynsa-kytajdy-artta-kaldyrdy.html