Выйти
RU

Италиялық дәрігер ақ халаттылардың коронавирусты қалай жұқтырып алатынын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Италия астанасы Римдегі Nuova clinica Annunziatella ауруханасының коронавиру жұқтырған науқастарды емдеу бөлімінің меңгерушісі Массимилиано Бруньоло дәрігерлердің инфекцияны қалай жұқтырып алатындарын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: twitter.com/PDChina

Фото: twitter.com/PDChina

Маманның сөзінше, қажетті киіммен және қорғаныс құралдарымен толық жабдықталып, өте мұқият әрекет еткендеріне қарамастан, COVID-19 науқастарымен жұмыс істейтін дәрігерлердің инфекция жұқтыру қаупі бар.

"Біздің жұмысымызда төтенше жағдайлар туындауы мүмкін, мысалы, кеңірдекті интубациялау кезінде. Бұл әдетте өте қиын жағдайдағы науқастарға көмек көрсету кезінде орын алады. Бұндай жағдайларда вируспен тікелей байланыстан құтылу қиын. Ауру жұқтыру қаупі қашан да болады және де біз, дәрігерлер ешқашан қорықпаймыз десем, өтірік айтқан болар едім. Бірақ соған қарамастан, біз жұмысымызды жалғастырып, адамдарға көмектесеміз", – дейді дәрігер.

Сондай-ақ ол көбіне медицина қызметкерлерінің инфекция жұқтыруына себеп болатын жайтты атады.

"Бұның себебі әдетте біздің жұмысымызды бар ықыласпен орындауымызда. Көбінесе біз бірінші кезекте науқасты, ал кейіннен өзімізді ойлаймыз", – дейді маман.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда екі медбикенің науқастардан коронавирус инфекциясын жұқтырып алғанын хабарлағанбыз.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Сондай-ақ Мәскеу қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінен COVID-19 анықталғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Италиялық дәрігер ақ халаттылардың коронавирусты қалай жұқтырып алатынын айтты