Выйти
RU

Британия тұрғыны Жер бетіндегі ең қарт ер адам атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Биылғы 29 наурызда 112 жасқа толған Ұлыбритания тұрғыны Роберт Уэйтон Жер бетіндегі ең қарт ер адам атанды. Ол туралы Гиннесстің рекордтар кітабында жазылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Роберт Уэйтон. Фото: peoples.ru

Роберт Уэйтон. Фото: peoples.ru

Биылғы 23 ақпанда жапониялық Титэцу Ватанабэ қайтыс болғаннан кейін әлемдегі ең қарт ер адам атағы Роберт Уэйтонға берілді. Жапония тұрғыны 112 жас 355 күнінде өмірден өтті.

Ал Жер бетіндегі ең қарт адам атағы бүгінде жапониялық Канэ Танакаға тиесілі.

Еске сала кетейік, биылғы 2 қаңтарда ол 117 жасқа толған туған күнін атап өтті.

Жапониядағы қарттар үйінде тұратын Канэ Танаканың 117 жасқа толған туған күніне орай мекемеде сауық кеші өткізілді.

Киодо агенттігінің ақпарынша, қарттар үйінің басшылығы ұйымдастырған мерекелік шараға мекеменің басқа да тұрғындары қатысқан.

117 жасқа толған Канэ Танака 2019 жылғы 9 наурызда Жердің ең қарт тұрғыны ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енген болатын.

Жапониялық әжей 1903 жылғы 2 қаңтарда Фукуока префектурасында дүниеге келген. 19 жасында Хидэо Танака есімді дүкен қожайынына тұрмысқа шыққан. Жұбайымен бірге бес бала тәрбиелеп өсірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Британия тұрғыны Жер бетіндегі ең қарт ер адам атанды