Выйти
RU

"Ақша жібердім": Марат Омаров 8 наурызға некесіз туған немересін қалай құттықтаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Марат Омаров даулы оқиғадан кейін некесіз туған немересімен арақатынасы туралы айтып берді. Өнер иесі кішкентай Көзайымды сегізінші наурыз мерекесімен құттықтап, сыйлығын жіберген. Эстрада жұлдызы оған барынша қолдау көрсететінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Nege Media" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Марат Омаров ұлының некесіз туған қызын қабылдап, бүгінде аталық міндетін барынша атқарып жүргенін алға тартты. Ол немересіне сегізінші наурызға тіпті арнайы сыйлығын жібергенін айтты.

"Кішкентайдың болашағына қатысты айтатын болсам, сегізінші наурызға сыйлығымды жібердім. Әдемі көйлек деп есепшотына ақша жібердім. Ол аталық міндет пен парыз. Мен әрқашан қамқорлық жасаймын. Қашпаймын, көмектесемін. Кейін оқыту қандай мәселе болмасын, қолымнан келгенін жасаймын. Көзайым шынымен бізге келген бақ шығар. Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін. Сондқтан бақ болып келген шығар. Осы коронавируске антивирус жасап жатқан Көзайым шығар. Қорқыныштың артында қуаныш бар. Алла сақтаса, аман болайық" , - деді Марат Омаров.

Бұған дейін біраз уақыт бойы үнсіздік сақтаған Марат Омаров ұлының қатысы бар даулы оқиғаға қатысты алғаш рет пікір білдірген болатын. Өнер иесі немересін құшақ жая қарсы алатынын жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан тұрғыны Кәмшат Таубай Марат Омаровтың ұлы өзін жүкті етіп, тастап кеткенін жайып салған болатын. Нәтижесінде бойжеткен одан Көзайым деген қызды дүниеге әкелген.

Бұл жағдай ел арасында бірден қызу талқыға түсіп, Омаровтар әулеті халық қаһарына ұшырады. Інісінің даулы оқиғасына қатысты бірінші болып, жұлдызды әпкесі Зарина Омарова жауап берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ақша жібердім": Марат Омаров 8 наурызға некесіз туған немересін қалай құттықтаған