Выйти
RU

Бөлемелері тоғыз шаршы метрден аспайтын Жапониядағы әйгілі тұрғын үй жайлы не білеміз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жапониядағы Nakagin Capsule Tower әйгілі ғимараты 48 жыл бұрын жапон қалаларының даму қарқына ілесу мақсатында салынған. Небәрі 9 шаршы метрден салынған бөлмелері бар сәулет өнері бүгінде күллі әлемді таңғалдыруда деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru cайтына сілтеме жасап.

Аумағы тоғыз шаршы метрден аспайтын үйлер әлем жұртшылығын таңғалдырды

Фото: bigpicture.ru

Ғимарат жеке бетонды капсулалардан тұрады, олар алдымен зауытта шығарылып, содан кейін құрылыс алаңына жеткізіліп, каркасқа бекітілген. Сәулетші жоспарлағандай, капсулаларды тозған жағдайда ауыстыруға немесе жалға алушыларға көбірек жер қажет болған кезде біріктіруге болады.

Кішкентай үйлер

Фото: bigpicture.ru

Кезінде бұл жобаның құрастырушысы Кисе Курокаваны Кеңес үкіметінің сәулет өнері қызықтырған.

2007 жылы сәулетші қайтыс болды, ал үй тұрғындары оның орнына ыңғайлы тұрғын үй кешенін салу үшін құрылысты бұзуды ойлайды. Алайда, бұл даулы мүлік әлі де өз орнында тұр. Ол өзінің ерекше сәулетімен туристерді қызықтырып, Токиодағы керемет ғимараттрадың біріне айналған.

Кішкентай үйлер

Фото: bigpicture.ru

Қазіргі таңда көптеген тұрғындар өз пәтерлерін шағын кеңселерге ауыстырған. Айта кету керек, аумағы 9 шаршы метрді құрайтын кеңсе жеке кәсіпкер үшін аздық етпейді.

Кішкентай үйлер

Фото: bigpicture.ru

Егер сіз әйгілі Накагин мұнарасының капсулаларының бірінде өмір сүргіңіз келсе, сізге айына 80 000 жапон иенасын (шамамен 330 400 теңге) төлеуге тура келеді, сонымен қатар сол мөлшерде депозит қалдырасыз. Ақша мұнараны қалпына келтіруге жұмсалады.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Кішкентай үйлер

Фото: bigpicture.ru

Ғимарттағы капсуланы көргіңіз келсе, онда бөлменің иесімен келісуіңізге болады. Алайда бұл қиынға соғады. Себебі жапондықтар жеке кеңістігін барынша ешкімге көрсетпеуге тырысады.

Аталған үйлерде артық шаршы метр жоқ. Қажеттінің барлығымен жабдықталған.

Кішкентай үйлер

Фото: bigpicture.ru

Жуынатын бөлме әуе кемесіндегі дәретханаға ұқсайды, тек оның ішінде кішігірім ванна бар. Барлық пәтерлер үлкен терезе қоршауымен жабдықталған, оны көршілер бір-бірінің терезелеріне қарамайтын етіп сыртынан арнайы "экранмен" жабдықтауға болады.

Кішкентай үйлер

Фото: bigpicture.ru

Барлық пәтерлердің дизайны, тіпті техникалық жабдықталуы бір жобаға сәйкес жасалғанына қарамастан, капсулалардың тұрғындары оларды іштей әртүрлі етіп жасай алады.

Фотограф Норитака Минами 1972 жылы жоба бойынша жұмыс істеген кезде капсулаларды суретке түсіріп, олардың шынымен де әртүрлі екенін аңғарған.

Кішкентай үйлер

Фото: bigpicture.ru

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бетонды қораптың ішінде тұратын фотографтың Кореяның шынайы бейнесін көрсеткені туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бөлемелері тоғыз шаршы метрден аспайтын Жапониядағы әйгілі тұрғын үй жайлы не білеміз