Выйти
RU

Бейбіт Мамыраев жаңа қызметке тағайындалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Депутат Бейбіт Мамыраев мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейбіт Мамыраев. Фото: abai.kz

Бейбіт Мамыраев. Фото: abai.kz

Оны таныстырған парламенттің төменгі палатасының спикері Мамыраевттың бұған дейін көптеген жауапкершілігі жоғары қызметте болғанын, яғни осы лауазымда жұмыс істеуге тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті.

Соңғы жылдары Бейбіт Мамыраев мәжіліс депутаттарының мүшесі болып, маңызды заң жобаларын қабылдауға өз үлесін қосқан.

Мәжілісменнің қажетті білімі мен тәжірибесі бар болғандықта осы салада жұмыс істеуге дайын екендігі айтылды. Бұл қызметте ол Гүлшара Әбдіхалықованы алмастырды.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Гүлшара Әбдіхалықова Қызылорда облысының басшысы болып тағайындалды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында - тұңғыш рет аймаққа әйел адам басшы болып барды.

Қызметіне кіріскен облыс әкімі, қызылордалықтарға короновирусқа байланысты үндеу жолдап, вирустың таралуының алдын алу талаптарын қатаң сақтауға шақырған болатын.

Сонымен қатар өңір басшысы тұрғындарға дерттен оқшаулануға кеңес берді. Себебі кез келген адам вирус жұқтырып алуы мүмкін. Сондай-ақ, ол елді жөнсіз дүрліктірмес үшін ресми ақпараттарға сүйену қажет екенін еске салды.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бейбіт Мамыраев жаңа қызметке тағайындалды