Выйти
RU

Қарағанды облысында бір адам короновирустан қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында коронавирустық инфекциядан бір адам қайтыс болды. Осылайша елімізде COVID-19 құрбанына айналғандар саны 3 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысында бір адам короновирустан қайтыс болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Әзірге қайғылы жағдайдың толық мән-жайы хабарланбады.

Айта кетсек, 31-ші наурызда Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан Қазақстандағы екінші науқастың көз жұмғаны белгілі болды.

50 жастағы марқұм 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Науқастың бір ай бойы ауырғаны, медициналық көмекке жүгінбегені айтылды.

Ал бірінші науқас 26 наурызда елорордада қайтыс болған еді. Кейінірек оның 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шуға қонаққа барғаны анықталды.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 363 адамға жетті.

24 науқас вирусты жеңіп шыққан. Олардың сегізі Алматы қаласында, 16-ы Нұр-Сұлтан қаласында.

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, дүние жүзінде жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырудың 823 мыңнан аса дерегі тіркелген. Статистикаға сәйкес, бұл көрсеткіш бойынша АҚШ көш бастап тұр. Онда инфекцияны 175 мың адам жұқтырған.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстан туралы қызықты деректер

Ал пандемия құрбандары ең көп тіркелген ел Италия болып қалып отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағанды облысында бір адам короновирустан қайтыс болды
Mailfire view pixel