Выйти
RU

Қазақстанда тағы 6 адамнан COVID-19 анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирустық инфекция жұқтырған тағы 6 пациент Қызылорда облысында тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда тағы 6 адамнан COVID-19 анықталды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында белгілі болды.

"Қазақстандағы коронавирус бойынша 1 сәуірдің 11.50 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай: Коронавирус жұқтырған тағы 6 адам Қызылорда облысында тiркелдi", - делінген хабарламада.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам

Алматы қаласында – 84 адам

Қарағанды облысында - 14 адам

Ақмола облысында - 16 адам

Атырау облысы - 16 адам

Жамбыл облысында -3 адам

Шымкент қаласында - 3 адам

Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам

Алматы облысында - 8 адам

Ақтөбе облысында - 3 адам

Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам

Павлодар облысында - 1 адам

Маңғыстау облысында - 1 адам

Қызылорда облысында - 24 адам

Батыс Қазақстан облысында - 2 адам

Түркістан облысында - 5 адам, жалпы 369 науқас тіркелді.

Бұған дейін Қарағанды облысында тағы бір науқастың коронавирустық инфекциядан көз жұмғаны хабарланды. Осылайша бұл елімізде COVID-19-дан болған үшінші өлім болып отыр.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, дүние жүзінде жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырудың 823 мыңнан аса дерегі тіркелген. Статистикаға сәйкес, бұл көрсеткіш бойынша АҚШ көш бастап тұр. Онда 175 мың адам вирус жұқтырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда тағы 6 адамнан COVID-19 анықталды