Выйти
RU

Коронавирустан көз жұмған үшінші қазақстандықтың өліміне қатысты мән-жай белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 1 сәуірде елімізде коронавирустық инфекциядан көз жұмған тағы бір науқас тіркелді. Марқұмның өліміне қатысты мән-жай белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

қарағанды

Көрнекі фото: NUR.KZ

62 жастағы ер адам ауруханалардың біріне 30 наурызда түскен. Науқаста екі жақты пневмония мен тыныс алу жетіспеушілігі болған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау боксына жатқызылған.

Бүгін, таңғы 7-де жүрегі тоқтап, қайтыс болған. Ер адамның диагнозы ол көз жұмған соң расталған.

Марқұм Теміртауда нотариус болып жұмыс істеген. Науқаспен байланыста болғандардың барлығы оқшауланған.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде коронавирустан қайтыс болған үшінші адам жайлы хабарлаған едік. Марқұм Қарағанды облысының тұрғыны болған.

Айта кетсек, 31-ші наурызда Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан Қазақстандағы екінші науқастың көз жұмғаны белгілі болды.

50 жастағы марқұм 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Науқастың бір ай бойы ауырғаны, медициналық көмекке жүгінбегені айтылды.

Ал бірінші науқас 26 наурызда елорордада қайтыс болған еді. Кейінірек оның 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шуға қонаққа барғаны анықталды.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 363 адамға жетті.

24 науқас вирусты жеңіп шыққан. Олардың сегізі Алматы қаласында, 16-ы Нұр-Сұлтан қаласында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирустан көз жұмған үшінші қазақстандықтың өліміне қатысты мән-жай белгілі болды