Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Subaru үш аптаға жұмысын тоқтатты

Опубликовано:

Жапондық Subaru автомобиль корпорациясы коронавирус індетінің таралуына байланысты шамамен үш аптаға өндірісін тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус: Subaru үш аптаға жұмысын тоқтатты
Фото: pixabay.com: UGC

Дерек бойынша, бұл уақыттың ішінде корпорация 70 мың көлік жасап шығарар еді, алайда әлемді дүрліктірген кеселдің кесірінен олар Токионың солтүстігінде орналасқан Гумма префектурасындағы зауытта көлік жинау жұмысын 11 сәуірден 1 мамырға дейін тоқтата тұруды жөн деп санаған.

Ақпаратқа сүйенсек, корпорациядағы қызметкерлердің 10 мың жұмыс орны сақталып қалады.

Subaru Гумма префектурасындағы зауытында ішкі және солтүстік америка нарығына арналған Impreza және Forester модельдерін жасап шығарады. Зауыттың өнімі корпорация 70% жаһандық сатылымын құрайды.

Subaru Американың Индиана штатындағы зауытының жұмысын әлдеқашан тотқатқан. Алғашында зауыт 7 сәуір күні қайта ашылу керек болған, алайда өндірістің ашылуы 20 сәуірге шегерілді.

Сондай-ақ, Toyota, Nissan және Honda секілді басқа да жапондық автокөлік өндірушілері коронавирустың белең алып жатқанына орай жұмысын тоқтатқан.

Жапонияда барлығы 2235 ауру жұқтыру фактісі тіркелген. Қайтыс болғандар саны – 77, 1043 адам аурудан айығып, жазылып шыққан.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысында бір адам короновирустан қайтыс болды. Сонымен, індеттен көз жұмғандар саны 3-ке жетіп отыр. Марқұмның өліміне қатысты мән-жай белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848357-koronavirus-subaru-s-aptaga-zmysyn-toktatty/

pixel