RU

Алматыда коронавирустан айыққан екі жастағы сәби ауруханадан шықты

Алматыда қазіргі уақытта инфекциялық стационардан COVID-19 анықталған 3 пациент емделіп шықты. Оның бірі екі жастағы сәби деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханадан шығарылған екі пациент пен бір бала 14 күндік үй жағдайындағы карантинде болады.

Екі пациенттің 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келгені анықталған.

Еске сала кетейік, олар келген кезде шектеу енгізіліп, жаңа алгоритм мен қаулы іске асырыла бастаған.

Экипажды қосқанда, 12 адамнан тұратын бүкіл борт оқшауланып, карантинге алынған.

Инфекциялық стационарға жатқызылған жандардан анализ алынып, жеті адамнан диагноз расталған.

Ал үшінші пациент – бұған дейін вирус анықталған адаммен байланыста болған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 369-ға жеткен. Олардың 84-і Алматы қаласынан. Ал жазылып шыққандар 26 адамды құрап отыр. Оның 16-ы Нұр-Сұлтан қаласында болса, 10-ы оңтүстік астанада.

Сонымен қатар бүгін елімізде COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған үшінші адам тіркелді. Марқұмның Қарағанды облысының тұрғыны екенін белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1848363-almatyda-koronavirus-indetinen-ajykkan-eki-zastagy-sbi-auruhanadan-sygaryldy.html