Выйти
RU

Тоқаевтың көмекшісі 42 мың теңгені алу үшін не істеу керектігін айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мемлекеттен 42 мың теңге төлем алуға құқығы бар азаматтарға не істеу керектігін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Кеше Мемлекет басшысы елдегі төтенше жағдай ахуалына байланысты мәлімдеме жасап, мемлекет қабылдайтын азаматтарды қолдауға бағытталған жаңа шаралар топтамасын жария етті.

Басты тақырыптардың бірі ең төменгі жалақы мөлшерінде (42 500 теңге) жаңа әлеуметтік төлем алу мәселесі болды. Бұл шара төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылған адамдарға қолдау үшін көрсетіледі. Төлем алу үшін өтінім берудің реттік тетігі туралы ақпаратпен бөліскім келеді", - деді ол.

Сонымен мемлекеттен көмек алуға құқығы бар азаматтардың өтінім мен тізім беруі үшін іс-әрекетінң толық алгоритмімен мына сілтеме арқылы өтіп таныс бола аласыздар.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы 42 500 теңге көлемінде берілетін көмекті алатындар санатын кеңейтуді тапсырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаевтың көмекшісі 42 мың теңгені алу үшін не істеу керектігін айтты