Выйти
RU

Атырауда COVID-19 жұқтырған соңғы үш науқас туралы ақпарат шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы өңірдегі соңғы үш коронавирус диагнозы расталған науқастар жайлы ақпаратпен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырауда Covid-19 жұқтырған соңғы үш оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Басқарманың хабарлауынша, 37 жастағы науқастардың бірі бұрын коронавирус расталған Орал тұрғынымен байланыста болған. Атырауға оралғаннан кейін одан ауру анықталған.

Екінші вирус жұқтырған пациент – 20 жастағы жігіт. 27 наурыз күні Стамбулдан келген. Ер адам ЖРВИ-дің айқын белгілерімен инфекциялық стационарға жатқызылған. Коронавирусқа алынған тест оң нәтиже көрсеткен.

Дәл осы "Стамбул-Атырау" рейсімен үшінші науқас 28 жастағы әйел де келген. Ол әуежайдан ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жеткізілген, кейін оның коронавирус жұқтырғаны расталған.

Қазіргі уақытта науқаспен байланыста болғандар анықталып жатыр.

Айта кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде коронавирус диагнозы расталған 369 науқас бар. Ал Атырау облысында 16 адам инфекция жұқтырғаны анықталды. Барлық пациенттер инфекциялық станционарда ем алуда. Олармен байланыста болғандардың барлығы оқшауланған.

Сондай-ақ, Қазақстанда үш адам коронавирус дертінің құрбанына айналды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырауда COVID-19 жұқтырған соңғы үш науқас туралы ақпарат шықты