Выйти
RU

Алматыдағы "Көк базар" карантин уақытында қалай жұмыс істеп тұр (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанадағы ірі сауда орындарының бірі саналатын "Көк базар" карантин уақытысында өз жұмысын жалғастырып жатыр. Алайда, базарда киім-кешек пен үйге қажетті түрлі заттар сататын нүктелер толығымен жабылып, тек азық-түлік дүкендері мен орталық аумағындағы дәріханалар ғана ашық тұр. KAZ.NUR.KZ тілшілері әдетте адамдарға лық толы болған базардың бүгінгі жай-күйін көріп қайтты.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Карантинге жабылған Алматының ірі базарында бүгінгі күні адам көп емес. Бірақ, азық-түлік алуға келушілер азда болса бар. Жергілікті сатушылардың сөзінше, қала тұрғындары көбіне ет, сүт тағамдары мен картопты көптеп сатып алады.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Саудагерлер күнделікті кешкі алтыға дейін жұмыс істейтін болып шықты. Бірақ, кейбірі нүктесін сағат бес шамасында жауып кете береді. Оған қоса, карантин кезінде жұмысқа шығудан бас тартқандар да бар. Оған босап қалған орындар дәлел болмақ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Базар аумағындағы сатушылар да, тұтынушылар да маска мен қолғаппен жүр. Саудагерлерлің айтуынша, алматылықтар қағаз ақшамен төлемейтін болып кеткен. Тұрғындардың басым көпшілігі карта арқылы немесе аударым жасап төлеуге көшкен.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алайда, сатушылар сауда бұрынғыдай жүрмей тұрғанын мойындады. Олар оған көпшіліктің базардан гөрі супермаркеттерге көбірек сенім артуы себеп болса керек деп ойлайды. Бірақ, сауда саласындағылар "Көк базар" аумағында қажетті дизенфекция жұмыстары күнделікті жасалынып, сақтық шаралары барынша сақталатынын жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ең қызығы, базар аумағындағы қызметкерлердің айтуынша азық-түлікпен қатар, халық соңғы кезде адыраспанды көптеп сатып алуда. Ислам дініндегі азаматтар вируспен күресу мақсатында үйін адыраспан аластайтын болып шыққан. Сатушылардың сөзінше, олар коронавируске қарсы барлық шараларды жасап көрмек.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы "Көк базар" карантин уақытында қалай жұмыс істеп тұр (фото)