Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Абаев: Карантинді ұзарту туралы айтуға әлі ерте

Опубликовано:

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басшысы Дәурен Абаев карантинді ұзарту мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Абаев елдегі бүгінгі коронавирус жағдайына қатысты мәлімет ұсынды. Оның ақпарынша, бүгін елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 372-ге жетті. Науқастар елдің 16 өңірін қамтып отыр. Тек Қостанайда ғана қауіпті індеттің бірде-бір дерегі тіркелген жоқ. Осыған байланысты министр карантин мен Төтенше жағдай режимі қашан тоқтайтынына нақты жауап бере алмайтынын мәлімдеді.

"Әзірге карантинді ұзарту жөнінде айтуға ерте. Елде алдағы екі аптада эпидемиологиялық жағдай қалай боларын ешкім де болжап айта алмайды, бірақ біз түрлі сценарийге дайын болуымыз қажет", -деді министр.

Сондай-ақ, Абаев күні кеше президент коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген Төтенше жағдай режимі мен карантин кезінде халық пен кәсіпті қолдау шараларының екінші пакетін жариялағанын еске салды. Министрдің сөзінше, бұл жағымсыз болжамдар күтілсе де, тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге кепіл бола алады.

Айта кетейік, жақында Қазақстанның бас санитар дәрігері лауазымын иеленген Айжан Есмағаметова елдегі коронавирус "іштей тарауға" көшкенін мәлімдеді. Егер бастапқыда инфекция сырттан келсе, қазір көбі ауруды бір-бірімен байланысу арқылы жұқтырып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848443-duren-abaev-karantindi-zartu-turaly-ajtuga-li-erte/

pixel