Выйти
RU

Мәскеуде болған: Ақтөбеде коронавирус жұқтырған төртінші науқас жайлы ақпарат

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тағы бір ақтөбелік тұрғын коронавирус инфекциясын жұқтырды. Өңірдегі барлық төрт науқас сырттан келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Облыстың Тауарлар мен қызметткер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Нұрсұлу Беркімбаева хабарлағандай, коронавирус Ресейден келген 33 жастағы ақтөбелік келіншектен анықталған.

Дәрігерлердің тыйымы мен ескертулеріне қарамастан, келіншек 13 наурыз күні Мәскеуге шығып, 22 наурыз күні қайта оралған. Бастапқыда ол пойыз арқылы Оренбургқа жеткен, ал 25 науыз күні таксимен Ақтөбеге оралған. Бірден үй карантиніе жатқызылған ол екі күннен соң өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған.

Байланысқан тұлғалар ретінде провизорлы госпитальға келіншектің ата-анасы да жатқызылған.

"Ол провизорлы ауруханаға жатқызылды. Сынама алынды. Теріс нәтиже көрсетті. Кеше сынама тағы да алынды. Бүгін анализ оң нәтиже көрсетті. Жақын байланысқан адамдар анықталды. Олардың қатарында палатадағы науқас пен ата-анасы бар. Ал ауру жұқтыруы мүмкін адамдар қатарында ауруханада бір қабатта жатқан адамдар бар. Барлығынан сынама алынды",- деді өңірдің бас санитар дәрігері.

Бүгінде Ақтөбеде коронавирус жұқтырудың төрт дерегі тіркелді. Олар Мысырдан, Испаниядан, Түркия мен Мәскеуден келген.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айта кетейік, Ақмола облысында коронавирус жұқтырудың тағы үш дерегі тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 375-ке жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мәскеуде болған: Ақтөбеде коронавирус жұқтырған төртінші науқас жайлы ақпарат