Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысы карантинге жабылады

Опубликовано:

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін 3 сәуірден бастап Маңғыстау облысы карантинге жабылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/cok.mangystau
Фото: facebook.com/cok.mangystau: Facebook

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермей, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Сыдымановтың қаулысы бойынша, Маңғыстау облысының аумағында 2020 жылдың 3 сәуірі 00:00 сағатынан бастап 2020 жылдың 15 сәуірі 07:00 сағатына дейін карантин режимі және шектеу шаралары енгізіледі.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы карантинге жабылатыны белгілі болды. Бұл туралы аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова короновирусқа байланысты тұрғындарға үндеуінде мәлім етті.

Сонымен қатар, бұған дейін өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2020 жылдың 31 наурызы сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуірі сағат 07:00-ге дейін Қызылорда қаласында карантин және Қызылорда облысы аумағы бойынша шектеу шаралары енгізілетіні хабарланды.

Еске сала кетсек, Қазақстан бойынша карантин режимі Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Карағанды, Абай, Сарань, Теміртау, Шахтинск және Ақмола облыстарында енгізілді. Бірқатар өңірлерде шектеу шаралары іске қосылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848474-magystau-oblysy-karantinge-zabylady/

pixel