Выйти
RU

380 адамға жетті: Коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы бес оқиғасы тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырудың тағы бес оқиғасы тiркелдi. Атап айтқанда, Қарағанды облысында – 1, Алматы қаласында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 2 адамнан инфекция анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстандағы коронавирус бойынша 1 сәуір сағат 21.10-дағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 184 адам, Алматы қаласында – 86 адам, Қарағанды облысында – 15 адам, Ақмола облысында – 19 адам, Атырау облысы – 16 адам, Жамбыл облысында – 3 адам инфекция жұқтырған.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында – 3, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Алматы облысында – 9, Ақтөбе облысында – 4, Солтүстік Қазақстан облысында – 5, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Қызылорда облысында – 25, Батыс Қазақстан облысында – 2 және Түркістан облысында – 5 адам вирусқа шалдыққан.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 380 адамға жетіп отыр.

Еске сала кетейік, бүгін елімізде жаңа вирустан үшінші адамның көз жұмғаны мәлім болды. 62 жастағы ер адам ауруханалардың біріне 30 наурызда түскен. Науқаста екі жақты пневмония мен тыныс алу жетіспеушілігі болған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау боксына жатқызылған. Ер адамның диагнозы көз жұмған соң ғана расталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
380 адамға жетті: Коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы бес оқиғасы тіркелді