Выйти
RU

Алматыда карантин енгізілгеннен кейін қылмыс деңгейі 70 пайызға төмендеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада енгізілген шектеу шараларының оң әсері де байқалуда – қалада қылмыс деңгейі 70 пайызға жуық төмендеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматыда коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ерекше карантин режимі енгізілгелі бері қаладағы қылмыс деңгейі тұрақты түрде төмендеп келеді.

Polisia.kz порталының мәліметінше, 2020 жылғы 31 наурыздан бері бір тәулік ішінде Алматы қаласында бар болғаны 30 қылмыс тіркелген, оның 17-сін тәртіп сақшылары "ізін суытпай" ашқан.

Мегаполистегі қылмыстың жалпы деңгейі бұрын-соңды болмаған 68 пайызға төмендеп отыр. Айта кетерлігі, бір ғана тонаудың өзі 66,6 пайызға төмендеген.

Құқық қорғау органдарының ақпарынша, көшелер мен қоғамдық орындардағы заң бұзушылықтар саны да айтарлықтай азайған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, енді елордалық полицейлер көлік жүргізушілерін "Сергектің" көмегімен бақыламақ.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов "Сергек" бейнебақылау камералары базасына автокөліктер мен жүргізушілердің деректері енгізілгенін мәлімдеді.

Осылайша, тәртіп сақшылары үшін карантин ережесін бұзған жүргізушілерді жылдам анықтауға мүмкіндік туады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда карантин енгізілгеннен кейін қылмыс деңгейі 70 пайызға төмендеді