Выйти
RU

386-ға жетті: Елімізде коронавирус инфекциясын тағы 6 адам жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi. Атап айтқанда, Алматы қаласында – 4 және Жамбыл облысында – 2 адамнан инфекция анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстандағы коронавирус бойынша 2 сәуір сағат 00.05-тегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 184, Алматы қаласында – 90, Қарағанды облысында – 15, Ақмола облысында – 19, Атырау облысы – 16, Жамбыл облысында – 5, Шымкент қаласында – 3, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Алматы облысында – 9, Ақтөбе облысында – 4, Солтүстік Қазақстан облысында – 5, Павлодар облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Қызылорда облысында – 25, Батыс Қазақстан облысында – 2 және Түркістан облысында – 5 адам инфекция жұқтырды.

Осылайша, соңғы деректерге сәйкес, елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққан 386 науқас тіркелді.

Еске сала кетейік, бүгін елімізде жаңа вирустан үшінші адамның көз жұмғаны мәлім болды.

62 жастағы ер адам ауруханалардың біріне 30 наурызда түскен. Науқаста екі жақты пневмония мен тыныс алу жетіспеушілігі болған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау боксына жатқызылған. Ер адамның диагнозы ол көз жұмған соң ғана расталды.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
386-ға жетті: Елімізде коронавирус инфекциясын тағы 6 адам жұқтырды