Выйти
RU

Әлемде коронавирус дертінен көз жұмғандар 50 мыңға жақындады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 935 мыңға жетті. Оның 47 мыңға жуығы қауіпті дерт салдарынан қайтыс болған деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Әлемдегі коронавирус туралы соңғы деректерді Worldometers онлайн-дайджест ұсынады.

Оның көрсеткіштері бойынша, 2 сәуір күні таңертең әлемде COVID-19 вирусының 935 мыңға жуық оқиғасы тіркелді. Індет жұқтырған науқастардың 46,8 мыңы қайтыс болған. Ал 194 мыңдай адам қауіпті дерттен айықты.

Соңғы тәулікте инфекциядан Испанияда көп науқас қайтыс болды. Аталған елде 1-ші сәуір мен 2-ші сәуірдің аралығында індеттен көз жұмғандардың саны 923-ті құрады.

Коронавирус дертінінен көп адам құрбан болған елдің көшін әлі де Италия бастап тұр. Қазіргі уақытта Еуропа елінде 13,1 мың адам індеттен қайтыс болды.

Вирусты жұқтыру бойынша әлемде АҚШ бірінші орында. Онда коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны 200 мыңнан асып кеткен. Тек соңғы 24 сағаттың ішінде АҚШ-та 26 мың жағдай орын алды.

Ал елімізде соңғы деректерге сәйкес, коронавирус инфекциясына шалдыққан 386 науқас тіркелді.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанда жаңа вирустан үшінші адамның көз жұмғаны мәлім болды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

62 жастағы ер адам ауруханалардың біріне 30 наурызда түскен. Науқаста екі жақты пневмония мен тыныс алу жетіспеушілігі болған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау боксына жатқызылған. Ер адамның диагнозы ол көз жұмған соң ғана расталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлемде коронавирус дертінен көз жұмғандар 50 мыңға жақындады