Выйти
RU

Залалсыздандыру құралдары адам өміріне және жануарлар үшін қауіпті ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елорда әкімінің орынбасары Алтынбек ҚайсағалиевНұр-Сұлтанда қолданылып жатқан залалсыздандыру құралдарының адамға, құстар мен жануарларға еш зияны жоқ екенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Залалсыздандыру құралдары адам өміріне қауіпті ме: Әкімдік жауап берді

Фото: zakon.kz

Еліміздің бас қаласында 20 наурыздан бастап адам көп шоғырланатын жерлерде, тұрғын үй кешендері мен тұрғын үй алаңдарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Күнделікті жұмысқа қорғаныс министрлігі мен жекеменшік ұйымдардан 470 адам жұмылдырылған.

Олардың ішінде қорғаныс министрлігінен 231 жұмысшы, ал қалғаны жеке кәсіпкерлер тарапынан орындалып жатыр. Дезинфекция жүргізуге арнайы 50-ден аса техника бар.

"Қалада барлық сауда орындарында, шағын сауда дүкендерінде, мешіттер мен үй кіреберістеріне, лифттерге күнделікті тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пайдаланылатын құралдардың микроб бен вирустарды өлтіруге әсер ететін күші бар. Залалсыздандыру құралдары адамдар мен жануарларға зиянсыз. Арнайы құралдар толықтай сатып алынды",- деді ол.

Қалада залалсыздандыру жұмыстары екі ауысыммен жұмыс істейді. Тазаланатын орындар алдын ала хабарлананып, лифттер де алдын ала тоқтатылады.

Тазалау жұмыстарын атқаратындардың барлығы арнайы киіммен жабдықталған. 

Сонымен қатар  қала әкімінің орынбасары түнгі сағат он бірден кейін дәрі шашылады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Дезинфекция аспаннан шашу арқылы жүргізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Ресми ақпарат көздеріне сену керек. Мамандармен кеңесе келе бұл жолдың тиімді емес екені бұған дейін де айтылды",- деді ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Залалсыздандыру құралдары адам өміріне және жануарлар үшін қауіпті ме