Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин коронавирус жұқтыру қаупіне байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшті

Опубликовано:

Ресей президенті Владимир Путин SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру қаупіне байланысты қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы DW-ге сілтеме жасап.

Фото: Кремльдің баспасөз қызметі
Фото: Кремльдің баспасөз қызметі: UGC

1 сәуірде үкімет мүшелерімен кездесу телеконференция арқылы өтті, деді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

"Президент Ново-Огаревода болады және телекөпір арқылы үкіметтің жетекшілерімен, министрлер кабинеттерімен жұмыс істейді, шенеуніктер де жұмыс орындарында болады", - деді Песков.

Оның айтуынша, коронавирустың таралуына байланысты Путин сәлемдесу тәсілін өзгерткен. Ресей басшысының әзірге жеке кездесулерде қол беріп амандаспайтыны белгілі болды.

"Қазір барлығы әлеуметтік қашықтықты сақтайды", - деп сөзін толықтырды Песков.

Песков коронавирусқа арналған күнделікті сынақтарды Путиннің тапсыратынын жасырған жоқ.

"Әрине, біз сақтық шараларын қолданамыз, кез келген жиналыстарды болдырмаймыз, мұны мүмкіндігінше қашықтан жасауға тырысамыз", - деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін Путинмен кездескен дәрігерден коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848518-putin-koronavirus-zktyru-kaupine-bajlanysty-kasyktan-zmis-isteuge-ksti/

pixel