Выйти
RU

Қытай Франциядағы қарттар үйіне жібермек болған маскаларды АҚШ сатып алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америка құрама штаттары Францияға жіберілуге тиіс болған маскалар үшін екі есе қымбат баға ұсынып, сатып алған. Бұл туралы франциялық Прованс-Альпі-Көкшіл жағалау өңіріндегі кеңес президенті Рено Мюзелье мәлімдеді. Оның айтуынша, маскалардың үлкен тапсырысы қарттарр үйі мен ауруханаларға арналған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Рамблер

Фото: Рамблер

Zakon.kz жазуынша, АҚШ аталмыш тапсырыс үшін екі есе көп қаржы беріп, маскалардың барлығын сатып алған.

"Бүгін Қытайдағы жүк тиейтін алаңда франциялық тапсырыс АҚШ ақшасымен сатып алынып. Бастапқыда Францияға ұшып келуге тиіс болған ұшақ бірден Америкаға жол тартқан" , - деді Мюзелье.

Француздардың сөзінше, Америка құрама штаттары маскалар үшін екі есе көп ақша ұсынғанымен, оның өндірісіне мүлдем мән беріп те жатқан жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон мемлекеттегі маскалардың барлығын медицина қызметкерлері мен коронавирустан зардап шеккендерге таратып берілетінін жеткізген болатын.

Бұған дейін Ресейде коронавирус індетімен нәресте дүниеге келгенін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытай Франциядағы қарттар үйіне жібермек болған маскаларды АҚШ сатып алды