Выйти
RU

Коронавирус белгілерін жасырған азамат жаңа босанған әйеліне ауру жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Американың Рочестер штатында ауру белгілерін жасырған азамат жаңа босанған әйеліне ауру жұқтырды. Ол келіншегі баланы дүниеге әкелгенде қасында жүрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Lenta.ru ақпаратына сәйкес, SARS-CoV-2 коронавирустық инфекциясы белгілері байқалған азамат келіншегін көру үшін перзентханаға барған.

Ол тек әйелінде ауру белгілері шыққан соң ғана өзін жайсыз сезінгенін хабарлапты.

Аталған жайттан кейін ауруханада қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Енді перзентхана бөліміне келген меймандарға алдын-ала дене қызуын өлшеу қажет болады.

Одан бөлек, қызметкерлер мен науқастар коронавирус жұқтырғандармен бір ғимаратта хирургиялық маска тағу керек.

"Бұрын біздің жүйе сенімге құралатын. Енді біз қонақтардың дене қызуын тексеретін боламыз",- деді Рочестер қаласы медицинадық университетінің қкілі Чип Партнер.

Айта кетейік, жақында Қазақстанның бас санитар дәрігері лауазымын иеленген Айжан Есмағаметова елдегі коронавирус "іштей тарауға" көшкенін мәлімдеді. Егер бастапқыда инфекция сырттан келсе, қазір көбі ауруды бір-бірімен байланысу арқылы жұқтырып жатыр.

Науқаспен байланысқан әр тұлға қатерлі инфекцияны тағы төрт адамға жұқтыруы мүмкін. Бүгінде COVID-19 індетін жұқтырмаудың бірден-бір амалы- үйден шықпау және басқа адамдармен байланысқа түспеу.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус белгілерін жасырған азамат жаңа босанған әйеліне ауру жұқтырды