Выйти
RU

Мамин дағдарысқа қарсы қандай шараларды іске асыратынын мәлімдеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шараны іске асыратынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Біріншіден, біздің басты міндетіміз жұмыспен қамтуға негізделген. Сондықтан жұмыспен қамтудың жаңа жол картасы қабылданды. Ол әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғырту және дамыту, елді мекендерді абаттандыру арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

Жол картасының іс шараларына қажетті қаржы көлемі 1 трлн теңгеге ұлғайтылды. Бұл 240 мыңнан аса жаңа жұмыс орынын құруға мүмкіндік береді. Бұған жобалар іске асырылатын кезде құрылатын уақытша жұмыс орындары ғана емес, тұрақты жұмыс орындарын құру да кіреді", - деді Асқар Мамин.

Осы орайда ол жұмыспен қамту жол картасын іске асыру инфрақұрылымды жаңғырту мен тиімді активтерді құрудың негізі болуы тиіс екенін тапсырды.

Еске сала кетейік, cоңғы деректер бойынша елімізде коронавирус инфекциясынан 402-ге жетті.

Ал кеше Қазақстанда жаңа вирустан үшінші адамның көз жұмғаны мәлім болды.

62 жастағы ер адам ауруханалардың біріне 30 наурызда түскен. Науқаста екі жақты пневмония мен тыныс алу жетіспеушілігі болған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау боксына жатқызылған. Ер адамның диагнозы ол көз жұмған соң ғана расталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мамин дағдарысқа қарсы қандай шараларды іске асыратынын мәлімдеді