Выйти
RU

Тепловизор, киім, тест: Қазақстан Қытайдан гуманитарық көмек алды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 2 сәуір күні Қазақстанның оңтүстік астанаcына Қытай Халық Республикасынан гуманитарлық көмек келді. Көрші мемлекет елімізге тепловизор, медициналық бұйымдар мен коронавирусқа қарсы тест жолдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР СІМ

Фото: ҚР СІМ

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзинпинмен телефон арқылы сөйлесіп, гуманитарлық көмек туралы келісімге келген болатын. Қытай Қазақстанға көмектесуге уәде берген еді.

Бүгін, 2 сәуір күні оңтүстік астана әуежайына гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы келді.

Қытай медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныс құралдарын - бахила, қолғап, медициналық киім жолдаған. Одан бөлек, тепловизор мен коронавирусқа қарсы тест те жеткізілген.

Фото: ҚР СІМ

Фото: ҚР СІМ

Бұл көрші мемлекет жіберген жалғыз көмек емес. Қытай Халық Республикасы жақын арада тағы бір партия жібереді деп күтілуде.

Фото: ҚР СІМ

Фото: ҚР СІМ

Айта кетейік, блок бекетті айналып өтпек болған Ақтөбе түрғыны бес тәулікке қамалды. Жас жігіт облыс орталығынан бұрма жолмен өтіп, Алға қаласы маңында қолға түскен. Анықталғандай, азаматта төтенше жағдай режимін бұзуға еш себеп болмаған. Шектеу шаралары енгізілгеннен басап өңірде 28 блок бекет қойылды, оның жетеуі - қаланың негізгі шығу аймақтарында. Полицейлер мен дәрігерлер құрылған шатырларда тәулік бойы кезекшілік етуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тепловизор, киім, тест: Қазақстан Қытайдан гуманитарық көмек алды (фото)