Выйти
RU

"Мен еркекпін, қызым бар": Әлішер Кәрімов жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Әлішер Кәрімов жеке өміріне қатысты жиі қойылатын сұраққа жауап берді. Эстрада жұлдызы сүйіктісі бар екенін растап, жақын арада отбасын құруға қамданып жүргенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Талантым-тағдырым" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/alisher_k. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/alisher_k. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әлішер Кәрімов ата-анасы оның үйленуін талап етіп жатқанын алға тартты. Әнші өзі отбасын құрғысы келгенімен, ғашығы некелесуге дайын еместігін жеткізді.

"Қазір анама әкем қосылды. Екеуі екі жақтан үйленуімді талап етуде. Мен оларға енді Таразға бармай қоямын деп қалжыңдаймын. Бірақ, осы жолы әкем өзіммен алғаш рет жеке сөйлесіп, үйленуге ниетім бар ма екенін сұрады. Негізі менің қызым бар ғой. Бірақ, әлі болмай жатыр. Сүйіктім әлі дайын емес. Алайда, отбасын құру мәселесі орнынан қозғалды" , - деді шоу-бизнес жұлдызы.

Айта кетейік, бұған дейін карантин кесірінен үйлену тойлары кейінге шегерілген жұлдыздар туралы жазған болатынбыз. Олардың қатарында Олжас Әлжанов, Жарқынай Ханайым, Кентал және тағы да басқа өнер иелері бар.

Айта кетейік, бұған дейін отандық жұлдыздардың караинтинді қалай өткізіп жатқанына жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Мен еркекпін, қызым бар": Әлішер Кәрімов жеке өмірі туралы бар шындықты айтты