RU

Жастар үкіметтен 85 мың теңге көтерме ақы алу үшін не істеу керек

Бүгінде жұмыссыз қалып, қаладан өңірге қайтқан жастар "Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 85 мың теңге көтерме ақы ала алады. Бұл туралы үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Біржан Нұрымбетов. Фото: NUR.KZ
Біржан Нұрымбетов. Фото: NUR.KZ: Facebook
"Ірі қалаларға өңірлерден келіп жұмыс істеген, бүгінде жұмыссыз қалған жастар өз өңіріне қайтып, "Жұмыспен қамту жол картасына" қатысуға ниет білдірсе, жұмысқа кірген күні бір мезеттік 85 мың теңге көтерме ақы алады", – деді министр.

Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мобильдік бекеттер құрып, жастарды жұмысқа шақыруы керек.

Ведомство басшысы әкімдіктерге жұмыссыздарды қабылдау үшін жергілікті жұмыспен қамту орталықтарының электронды жүйесін толығымен пайдалануға кеңес берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін 42 500 теңге әлеуметтік төлемді Telegram арқылы қалай алуға болатынын жазған едік.

Сондай-ақ мемлекет басшысының көмекшісі – президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева мемлекеттен 42 мың теңге төлем алуға құқығы бар азаматтарға не істеу керектігін түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1848569-zastar-kimetten-85-my-tege-kterme-aky-alu-sin-ne-isteu-kerek.html