Выйти
RU

Коронавирус: Қарағандыда көз жұмған науқастың үш туысы ауруханаға түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Қарағандыда тағы 6 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Олардың үшеуі кеше қайтыс болған ер адамның туыстары болып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, өңірде вирус жұқтырғандар саны 21-ге жеткен.

Бүгін Қарағандыда 6 адамнан індет анықталды. Оның ішінде үшеуі – кеше қайтыс болған ер адамның отбасы мүшелері.

Ведомство қайтыс болған адаммен жалпы алғанда 200-ге жуық адам байланыста болғанын жасырған жоқ.

"Эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Үй карантиніндегі азаматпен байланыста болған тұлғалар анықталуда. Қайтыс болған адаммен жалпы алғанда 200-ге жуық адам байланыста болған. Оның ішінде: 54 - провизорлық және карантиндік стационарларға (оның ішінде отбасы мүшелері), 150 адам – үй карантиніне жатқызылған", - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау департаменті.

Сондай-ақ, бүгін карантиндік стационарда жатқан екі пациенттен коронавирус табылғаны айтылды.

Тағы бірі үй карантинінде жатқан адамнан анықталған.

"Осыған байланысты эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр. Ауру жұқтырушының кіммен байланыста болғаны анықталуда. Қарағанды облысында барлығы 627 адам тәулік бойы бақылауда. Олар - 1А және 1Б санатындағы (Италия, Франция, Испания, Иран, Германия, Үндістан, Тайланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Мысыр) елдерден келгендер немесе ауру жұқтырушы тұлғалармен байланыста болғандар. 1087 адам үй карантинінде жатыр", - деді ведомство.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанда жаңа вирустан үшінші адамның көз жұмғаны мәлім болды.

62 жастағы ер адам ауруханалардың біріне 30 наурызда түскен. Науқаста екі жақты пневмония мен тыныс алу жетіспеушілігі болған. Жағдайы ауыр деп бағаланып, жансақтау боксына жатқызылған. Ер адамның диагнозы ол көз жұмған соң ғана расталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Қарағандыда көз жұмған науқастың үш туысы ауруханаға түсті