Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір адам коронавирустан жазылды: Алматыда 11 адам ауруханадан шықты

Опубликовано:

Алматыдағы коронавирусты жұқтырып алған адамдардың жағдайы белгілі болды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тлеухан Әбілдаев мәлімдеді. Қазіргі таңда оңтүстік астанада инфекция жұқтырудың 90 оқиғасы тіркелген жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда коронавирусты жұқтырған 80 науқас жатыр. Олардың арасында бір бала және Алматы облысынан бір адам бар. 68 тұрғынның жағдайы қанағаттарлық. Екі ересек адамның жағдайы ауыр. Олар өкпенің жасанды вентиляциясында жатыр. Он адамның күйі орташа ауыр. Біреусі Алматы облысынан.

Ауруханаға жатқызылғандардың арасынан екі науқас бұған дейін жұқтырып алғандармен байланыста болған. Инфекцияға шалдыққандармен байланыста болған адамдардың барлығы табылып, оқшауланған. Күні кеше COVID-19 вирусына тап болған бір науқас жазылып шықты. Бүгінде коронавирустық инфекцияны жұқтырып, ауруханадан жазылып шыққандардың саны он бір адам болды.

Қазіргі таңда, провизорлық орталықтарда 619 адам бар. Олардың 81-і бала. Екікүндік изолицияда 520 адам жатыр. Оның ішінде 50 бала бар. Үй карантинінде 3853 азамат", - деді Әбілдаев.

Оның сөзінше, жазылып шыққан науқастарға өкпенің жасанды вентиляциясы қажет емес болып шықты. Алайда, қазір жасанды тыныс алуда екі адам ауыр халде жатыр. Бір азаматшада өкпенің обструктивті ауруы бар екені белгілі болды. Сол дерт оның жағдайын қиындатып жіберген.

Екінші науқастан екі жақты пневмония табылды. Оған қоса, Әбілдаев дәрігерлер барынша жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Медицина қызметкерлері қонақ үйлерге жатқызылып, штаб көмегімен тамақпен қамтамасыз етілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848581-tagy-bir-adam-koronavirustan-zazyldy-almatyda-11-adam-auruhanadan-sykty/

pixel