Выйти
RU

Алматы облысында әкімдік қызметкерлері қылмыстық топ құрды деп күдіктелуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында Талғар ауданы әкімдігінің бірнеше қызметкері ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, өңірдегі ауыл округының экс-әкімі жемқорлық жасады деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте хабарлағандай, шенеуніктер мен округтің бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды.

Тергеу Талғар ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлері Панфилов ауылдық округіндегі су қорғау аймағында жер учаскелерін жалға алу және жеке меншікті заңсыз иеліктен айырумен айналысқан деп болжап отыр.

Бұл заңсыз қызметтен шенеуніктер материалдық пайда алды деп санайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресшілер.

Тергеуге Панфилов округінің бұрынғы әкімі, сондай-ақ аудан әкімдігінің бірнеше қызметкері де ілінді. Олар басқа сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп күдіктеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресшілердің пікірінше, дәл осы бұрынғы әкім және тағы бірнеше мемлекеттік қызметкерлер заңға қарамастан шешім шығарып, Талғар ауданындағы су қорғау аймағында орналасқан жер учаскелеріне актілер жасаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметкерлердің кінәлілік дәрежесін, сондай-ақ олар үшін жазалау шарасын сот анықтайтынын атап өтті.

Еске сала кетейік, өткен жылы қыркүйек айының соңында Алматы облысының әкімі Бағдат Манзоровтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Кейіннен бұл мәліметті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Бұдан кейін Манзоровтың аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдіктеліп, үй қамақта отырғаны белгілі болды.

2019 жылдың 28 қазанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

10 ақпан күні ол қызметінен босатылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында әкімдік қызметкерлері қылмыстық топ құрды деп күдіктелуде