Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі рет қатерлі ісікті жеңген ер адам коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

Англияның Мерисайд графтығы Уиррал ауданының тұрғыны екі рет қатерлі ісікті жеңіп шыққан. Алайда, жақында ер адамда коронавирустың белгілері пайда болып, бірнеше күннен кейін көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости / The Central Hospital of Wuhan
Фото: РИА Новости / The Central Hospital of Wuhan: Facebook

Daily Star басылымының мәліметінше, 79 жастағы Дэвид Александр Уильямс екі рет ауыр онкологиялық ауруды басынан өткергеніне қарамастан, дені сау және көп қимылдайтын белсенді азамат болған.

Наурыз айының соңында ер адамда коронавирустың белгілері пайда болған. Алайда, ол дәрігерге көрінуге асықпай, аурумен үйде күресуге бел буған. 28 наурызда Уильямстың тыныс алуы қиындап кеткен. Әйелі жедел жәрдем шақырып, ер адам ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер науқаста коронавирус инфекциясының асқынып кеткенін, оның пневмания мен сепсиске шалдыққанын анықтады. Сөйтіп, дүйсенбі күні, 30 наурызда ер адам көз жұмды.

Кейіннен Уильямстың қызы Николь әкесінің коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады. Марқұмның артында әйелі, төрт баласы мен төрт немересі қалған.

Айта кетейік, бұған дейін Белгияда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 90 жастағы әженің дәрігерлер көмегі мен өкпені жасанды желдету аппаратынан бас тартып, көз жұмғанын хабарлағанбыз. Ол дәрігерлерден бұл аппаратты жастарға қалдыруын сұрапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848587-eki-ret-katerli-isikti-zegen-er-adam-koronavirustan-kz-zmdy/

pixel